Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Сафуан Шаймерденовтің 95 жыл мерейтойы


            2017 жылы 7 сәуірде Сафуан Шаймерденовтің 95 жыл мерейтойына арнап «Өңіріміздің жарық жұлдызы» атты әдеби кешті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Құрманова Т.Б., Мағжанова Ш.Т. өткізді.

           Іс-шараның мақсаты : Сафуан Шаймерденовтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымын, ұлттық ой-санасын қалыптасуына ықпал ету, оқушылардың жазушының рухани мұрасына деген қызығушылығын арттыру, оқушыларға қоғам қайраткерінің өмірін үлгі ете отырып, елін, жерін сүйе білуге баулу, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

             Әдеби кешке 5-10 сынып оқушылары қатысты.

    Іс-шараның өтілуінде Сафуан Шаймерденовтің өмірбаяны, Сафуан ағаға арналған арнау өлеңдері, шығармалары, «Ақыл мен әжім», «Жанар мен Данар» әңгімелері бойынша сахналық көрініс көрсетілді. Сонымен қатар «Желтоқсан туралы», «Тіл тағдыры», шығармалары жайында бейнефильм, презентация көрсетілді.

      Сафуан Шаймерденовтің өмір жолы мен шығармашылығына арнап көрме ұйымдастырылды.

          Қалалық классикалық гимназиядағы Сафуан мұражайына өз үлесімізді қосу ниетімен біздің №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешеніміздің атынан  мұражайға арнап, сыйлығымызды табыстадық. Бұл сыйлықта Сафуан ағаға арналған оқушылардың өлең жолдары жазылған.

     

    07.04.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер