Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар


           2017 жылдың 7 сәуір айында № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп кешенінде «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Темірбаева Гаухар Жұмабекқызы мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуында мектеп директоры Д. Әбілмажинова және қалалық білім бөлімінің әдіскері Г. Темірбаева сөз сөйледі.
           Семинарда қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері шеберлік сынып, ашық сабақтар мен «Өңіріміздің жарық жұлдызы» атты С.Шаймерденовтың туғанына 95 жылдың мерейтойына арналған әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеште 5 -9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның өтілуінде Сафуан Шаймерденовтің өмірбаяны, Сафуан ағаға арналған арнау өлеңдері, шығармалары, «Ақыл мен әжім», «Жанар мен Данар» әңгімелері бойынша сахналық көрініс көрсетілді. Сонымен қатар «Желтоқсан туралы», «Тіл тағдыры», шығармалары жайында бейнефильм, презентация көрсетілді.
           Сафуан Шаймерденовтің өмір жолы мен шығармашылығына арнап көрме ұйымдастырылды.
    Қалалық классикалық гимназиядағы Сафуан мұражайына өз үлесімізді қосу ниетімен біздің №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешеніміздің атынан  мұражайға арнап, сыйлығымызды табыстадық. Бұл сыйлықта Сафуан ағаға арналған оқушылардың өлең жолдары жазылған.


     

    07.04.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер