Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    2017 жылдың 14 мен 23 қыркүйек аралығында тіл апталығы өтті



    2017 жылдың 14 мен 23 қыркүйек аралығында тіл апталығы өтті. Осыған орай Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған 14-ші қыркүйек күні 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларымен «Полиглоттар» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1- тур: «Менің Отаным- Қазақстан» туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенділік танытып, еліміз жайлы өз білімдерін көрсете білді. 2- турда қазақ тілі білімі туралы білімдерін шыңдаса, 3- турда Жас аудармашылар өздерінің аудармашылық қабілеттерін таныта білді. Ең белсенді қатысқан оқушылардың бірегейлері болып, 7 «А» сынып оқушылары: Осина Анна және Косаулина Юлия болса, 7 «Б» сынып оқушыларынан Сабраева Виолетта мен Глывяк Артем білімдерімен көзге түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 1- орынды «Полиглот» тобы иеленсе, 2- орынды «Достық» тобы қанжығасына байлады.
    15-ші қыркүйек мектебімізде «Өнер алды – өызыл тіл» атты 6-7 сынып оқушыларымен бірге мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Алғашқы кезеңде оқушылармен викториналық сұрақтар ойнатылды. Әр оқушы тапсырмаға үш тілде жауап беруге тырысты. Екінше кезеңде мектеп оқушылары өздеріне жақын және сүйіп оқитын ақын- жазушылардың өлең жолдарын, поэмадан және прозадан үзінділерін оқып, оның тәрбиелік мәнін, бүгінгі күндегі байланысы мен өзектілігін анықтай алды. Сайыс қорытындысы бойынша сөз өнерінің шеберлері анықталды. 1- орынды Науан Нұрдәулет иеленсе, 2- орынды Макишева Дариға, ал 3- орынды - Байынбетов Мадияр өз қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар Дипломдармен марапатталды.
    18- ші қыркүйек мектебімізде ұжыммен бірге «Қазақшаңыз қалай?» деген іс – шара өткізілді. іс- шараға мектеп ұстаздары мен оқушылар белсенді қатысты. ӘБ мұғалімдері ұйымдастырған «Алтын жәшікте» Қазақстан туралы бірнеше қызықты сұрақтар қойылды. Өз білімін көрсете білген мұғалімдер қазақша жауап беруге тырысты. Алға суырылып шыққан мына ұстаздарды атап өтуге болады:
    Қорыта айтқанда, мектебімізде тек оқушылар ғана емес, мектеп мұғалімдері де мемлекеттік тілді жақсы меңгергенін айтуға болады. Өйткені, Мемлекеттік тілді білу- әрбір азаматтың ізгілікті борышы» деп Елбасымыздың ұлағатты сөзі соның бір айғағы болмақ.
    18-ші қыркүйек күні мектебімізде «Құпия сандық» атты мектеп оқушыларымен іс- шара өткізілді. Іс- шараға 5-11 сынып оқушылары белсенділікпен қатысты. Іс- шараның шарты бойынша жасырылған құпия сандықты ұсынылған критерийлер арқылы тауып алған сыныпқа тосын сыйлық берілді. Мектеп оқушылары бұндай іс- шараға қызығушылықпен қарады. ең жылдым және уақытылы тапқан 8 «В» сынып оқушылары алға шықты. Құпия сандықты жасырған ұстазды берілген критерий бойынша тез тауып алғаны үшін сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш іс- шара оқушыларды қызықтыра түсті.
    20-ші қыркүйек күні мектебімізде «ЭКСПО- 2017» 5 «А» сынып оқушыларымен бірге сынып сағаты жақсы дайындықпен өткізілді. Үй жұмысына әр топ ЭКСПО көрмесі бойынша презентация жасап келу,, суреттер салу және үшінші топ көрме бойынша өз көзқарастарын білу мақсатында шығарма жазып келу болған. Әр топ командирі тақырыпты аша отырып, жұмыстарын өте жақсы қорғап шықты. Екінші кезеңде әр топқа түрлі тапсырмалар берілді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын мемлекеттік тілде жеткізуге тырысты. Соның ішінде І топ командирі- Атанбаев Мансур, ІІ топ командирі – Шаштаулетова Альфия, ІІІ топ командирі - Шиленко Ульяна белсенділік танытып, мемлекеттік тілдің жанашыры ретінде көрсете білді.
    20-ші қыркүйек күні мектебімізде 5,7 сынып оқушылардың ата – аналарымен «Критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында, ең алдымен ата- аналарға Критериалды бағалау туралы ақпараттар берілді. Ата –аналар топқа бөлініп, бағалау жүйесі бойынша өз ойларымен бөлісті. Кері байланыс жүргізу барысында «Даналық ағашына» өз ойларын жазып, ілді.
    Мектебімізде «Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалдық жүйесін енгізу» атты мектепішілік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Жаңартылған бағдарламаны өткен пән мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті. Ең бірінші, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салгарина А.А қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» деген тақырыпта баяндама жасады.Макишева А.С 7 «Ә» сыныбымен «Көшпелілердің жазуы» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Балалар сабақта белсенділік танытып, топта жақсы жұмыс жасады. Екінші сабақты Ильясова Г.А. 5 «А» сыныбымен «Тіл- табысу өнері» атты ашық сабақты тамашаладық. өзге ұлттық балалары мемлекеттік тілде қалай тіл табысу керектігін көрсете білді. кері байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша екі сабаққа талдау жасалды.
    Сонымен қатар қыркүйектің 23 жұлдызында «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты фестиваль өтті. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде сайыскерлер мемлекеттік тілде өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде ұлттық тағамды қазақ тілінде таныстырды. Үшінші кезеңде үш тілде берілген викториналық сұрақтарға жауап беру болса, төртінші кезеңде өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасына төрағалық етуге Тілдер комитеті, ассамблея өкілдері, қалалық мәдениет үйінің әдіскері шақырылды. Команда өзге ұлт өкілдері арасында 1 мұғалім, 2 оқушыдан тұрды. Барлық сындардан мүдірмей өткен сайыскерлер жүлделі орындарға ие болды. 3- орынды үш сайыскер бөлісіп алды. Олар: «Достық» тобы (Мұғалім: Цыздоева В. А, оқушылары: Осина А. Ляпкало Я.) «Жұлдыз» тобы (Мұғалім: Вдовина О. Ю. Оқушылары: Гаврилов А. Кореева Л.) «Шаңырақ» тобы (Мұғалім: Коклимина Д.В және оқушылары: Сагайдачная О, Лубенко Е.) «Болашақ» тобы (Мұғалім: Алимжанова Е.А мен оқушылары: Алагез А, Демирчян М) және «Полиглот» тобы (Мұғалім: Айсина Н.И. және оқушылары: Ускова Д мен Сомасенко А )2- орындарды қанжығаларына байлады. «Ынтымақ» тобы (Мұғалім: Гайнуллина О.Ю. мен оқушылары: Чернышова Д, Авдеева Д) 1- орынды алса, «Полиглот» тобы (Мұғалім: Тихненко Н.Н оқушылары: Ахтенберг А. Бикбаева С) бас жүлдені иеленді. Мектеп ұстаздары мен оқушылары белсенділік танытып, қатысқандарының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Барлық қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.
    Сондай-ақ мектебімізде өзге ұлт ұстаздары да әр аптаның бейсенбі жұма күні қазақ тілін үйрету барысында дәріс алып тұруы ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта үш топ жұмыс істейді. Бірінші топтың жетекшісі Мағжанова Шынарлы Темірханқызы. Екінші топтың жетекшісі Макишова Алмагүл Сарқытқызы, Үшінші топтың жетекшісі Тулебаева Айгүл Самұратқызы.











    23.09.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер