Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    МЕКТЕП ТАРИХЫ

    1928 - 1940жж.
     

    №8 орта мектептің тарихы 1928 жылдан басталған. Ғимараты өте ескірген, сабақ өткізуге жарамсыз, көнерген және өте төмен болған. Жаңа 2 қабатты мектептің құрылысы басталды.

    Бұл барлық адамзат А.С.Пушкиннің өмірден өткеніне 100 жыл толуына байланысты құса болып жүрген 1937 жыл болатын. Мектепке ұлы ақынның аты мен 5 нөмір берілді.  Мектеп құрылысына ешқандай техника болмады. 2 қабатқа кірпіштерді қолмен таситын. Мектепті салуға оқушылар мен мұғалімдер де атсалысты. Глотова Мария Ивановна алғашқы директоры болды.  1940 жылы Модерау Эдуард Эмильевич басқарды. 1938 жылы директормен бірге оқу үзздіктері Мәскеу қаласына ауылшаруашылық көрмесіне барды.  Мектеп толыққанды өмір сүріп,, «Сказку о мёртвой царевне и семи богатырях», «Три желания» қойылымдарын қойып жүрді. Сол уақытта көркем әдебиетті табу қиын болатын, табылғанның өзінде де сабақтан кейін немесе кешке бәрі қосылып бірге оқитын. 

    ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕКТЕП
    Жаңы 1941 жылды қарсы алу өте көңілді болатын. Эдуард Эмильевич Модерау өте көп билеп, қуанып, күлетін. Мектептің осындай өміріне ештеңе де кірбің түсіре алмайтындай көрінетін. Бірақ соғыс басталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектептің бірінші қабатында әскери бөлімдер құрылды. Кітаптар, оқу құралдары, өтемақылар, физика мен химиядан құрылғылар болмағандықтан оқу қиынға соғатын. Мектеп пешпен жылытылатын, отын, көмір болмағандықтан, қождар қолданылатын. Соғыс басында Мәскеуден Петропавлға Калинин атындағы зауыт эвакуацияландырылған. Өте ауыр жағдайда тұрып, жұмыс жасайтын зауыт жұмысшылары мектепті өз қамқорлығына алды. Отын, көмірмен қамтамасыз етіп, тамақтану үшін картоп бөлетін. Картоптар үсіген болса да, балалалрға балдай татитын. Балалар аш, жүдеу-жадау, үстеріндегі киімі біреуден қалған немесе қайта тігілген болатын. Кейбір балалар тіпті қатты аяз күндері де жыртық аяқ киіммен келетін. Сыныптағы оқушылар саны сирей бастады. Күн сайын әкесінің орнына тұрып, жұмысқа ауысқан немесе соғысқа аттанған оқушылардың саны артты. 

    МЕКТЕПТІҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУ КЕЗЕҢІ. МЕКТЕПТІҢ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛУІ.

    Модерау Э.Э., Шишкина Э.А., Егорова Д.М. мектепті қайта қалпына келтіруге көп күш жұмсады. Соғыстан кейінгі жылы мектеп бірден 3 ауысымда жұмыс жасай бастады. Алғашқы екеуі - ұлдарға.Бұл кезде мектеп "№5 жетіжылдық ұлдарға арналған мектеп" деп аталатын. Ал 3-ауысым олардың аналарына, әкерлеріне, апа-қарындастарына арналған. Жұмыстан кейін мектепке келіп олар "білім кенін іздейтін", ал жексенбі күндері драма үйірмесіне қатысатын.  Кешкі мектептің директоры Фролова Евдокия Фроловна болды.

    МЕКТЕПКЕ ЖАҢА МӘРТЕБЕ БЕРУ

    1955 жылы ерлер және әйелдер мектебі біріктірілді. Сол уақыттан бастап мектеп А.С.Пушкин атындағы №8 орта мектеп аталды, ал 1961 жылдан бастап сегізжылдық болды. 1966 пионер ұйымына А.Г.Железняков атындағы жасақ атауы берілді. Жыл сайын тарихи батыр туған күніне пионерлер линейкалар өткізіп, мектептің алдында тұрған ескерткішке гүл шоқтарын қоятын. Оқу жылы аяқталғанда бәрі осы ескерткіштің алдына суретке түсетін. 1978 жылғы 11 қараша күні мектеп өзінің қырық жылдық мерейтойын атап өтті. Мереке салтанатты түрде өткізілді. Зал тумен және әр түрлі транспаранттармен бекзендірілген. Мерекеге мектептің бұрынғы түлектері Куйбышев қалалық білім бөлімінің басшысы М.К:Рамазанов, ауданның партиялық және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері шақырылды.

    МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

    Шағын аудан кеңейіп, абаттандырылған үйлер салынғандықтан, жаңа мектеп қажет болды. 1985 жылғы 1 қыркүйек күні құрылысшылар қала орталығында орналасқан жалпы білім беретін мектептің жаңа ғимаратының кілтін оқушылар мен мұғалімдерге табыстап, мерекеге Қазақстан компартиясының  бірінші хатшысы Д.А.Қонаев келді.

    1985 жылы мектеп заманауи төрт қабатты  ғимаратқа көшті. Онда бүгінгі күні 1100-ден артық баланың мектепке  және 15 баланың  мектепке дейінгі шағын орталыққа баруына мүмкіндік берілген. 1989 жылы №8 жалпы білім беретін орта мектеп жалпы білім беретін эксперементалды эстетикалық тәрбие мектеп-кешеніне ауыстырылды.

    Эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде білім беру дисциплиналарымен қатар оқушылар театр және бейнелеу өнеріне, хордағы ән, хореографияға оқытылады. Одан басқа оқушылардың домбыра, фортепиано, вокал, скрипка, баян, гитара, аккардеон сыныптары бойынша музыкалық білім алу мүмкіндігі бар. 

    Негізі қаланғаннан бастап мектепте шығармашыл педагогтар, өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Олардың ерен еңбегінің арқасында түлектер мектепті алтын, күміс медальдармен, "Алтын белгі" белгісімен  аяқталған.

    Педагогтар ұжымы кәсіби сайыстарға белсене қатысады. Былтырғы жылдың өзінде ғана біздің педагогтарымыз 21 рет жеңіске жетті. Мұғалімдердің бірлескен жұмысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын  тойлауға байланысты қала мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілген "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік ойынында  "Петропавл қалалық білім бөлімінің" ашық кубок чемпионатында жеңіске жеткізді. "Болашақтың энергиясы Қазақстанның қолында" аймақтық балалар форумына  мектеп педагогтары мен оқушыларының қатысуы маңызды оқиға. Оқушылар мен педагогтар әр түрлі бағыттаға 7 сайыста жеңіске жетті. Мектеп 13 жүлделі орынды иеленді. 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 2 кезеңіне қатысып, 12 жүлделі орынды жеңіп алды. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің жүйелі жұмысының арқасында 11-сынып оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырды. ҰБТ нәтижесі бойынша біздің мектеп қала мектептерінің арасында бірінші орында. Бұл  Н.Б.Баженованың,  Н.Р.Шафигуллинаның, Р.К.Тлеубаеваның, Л.С.Воробьеваның, Ж..К.Смаилованың, О.Ю.Гайнуллинаның, Е.В.Ситанованың, Л.М.Гуржееваның еңбектерінің арқасында.

    Мектеп өз оқушыларының жетістіктерімен танымал. Оқушылар жыл сайын Халықаралық (10 жүлделі орын), Республикалық (4) және облыстық (10) сайыстырға қызығушылықпен қатысады.  Жыл сайын эстрадалық орындаушылардың «Звезды Приишимья», хореографиялық ұжымдардың «Каблучок» фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындар иеленеді. Біздің мектебіміздің жетістіктері арасында оқушылардың алыс және жақын шет елдердегі жетістіктері де бар:  Павлодар, Астана, Алматы, Санкт-Петербург, Сочи, Москва, Зальцбург (Австрия),Чонан (Оңтүстік Корея). Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық би жарысында 20 мемлекет арасында біздің мектептің хореографиялық ұжымы арнайы сыйлыққа лайықты деп танылып, Черногория мен Болгариядағы фестивальге шақырылды. Бүгінгі күні облыстық филормония жанындағы "Туған Жер" би ансамблінде 8 түлек пен 12 оқушы жұмыс жасауда.  Бұл бағытты Мәдениет Министрлігінің "Мәдениет қайраткері" құрмет белгісінің иегері, сахна практикасы курсының жетекшісі Михаил Васильевич Лахтин басқарады. Біздің мектеп оқушыларының жетістігі "Қазақстан үміті" Республикалық кітабына енгізілген.

    Спорт элитасы да мектепке атақ әперуде. Мектеп түлектарі арасында әр түрлі спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен Чемпиондары бар:  Полянский Денис, Тимофеев Владимир, Кривошеев Иван, Никитин Денис, Мордовский Дмитрий. Бірақ табыс өздігінен келмейді. Бұл оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың ерен еңбегінің жемісі.

    Біздің мектепте лайықты білім алып, шығармашылық әлеуетті дамытуға барлық жағдай жасалған. Білімнің, ептіліктің қорымен, тануға күресуге, мақсатқа жетуге деген құлшынысымен түлектеріміз үлкен өмірге қадам басуда. "Болашаққа табысты  қадам жасау"  - біздің ұранымыз.
     

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер