Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Біздің мектепте бастауыш сыныптар онкүндігі басталды! 🌈✨ 🏫🎊 Бүгін мектепте бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты жиындар өтті. Бұл – қызықты іс-шараларға, шығармашылыққа, жаңа ашылымдар мен жас оқушыларымыздың жетістіктеріне толы ерекше кезең 🌟🧒👧 🎯 Бастауыш сыныптар онкүндігін өткізудің мақсаты: — оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға жағдай жасау 📖🧠 — оқу мен мектеп пәндеріне деген қызығушылықты арттыру 📘✏️ — балалардың шығармашылық қабілеттері мен бастамашылдығын дамыту 🎨🎭 — ынтымақтастық, достық және өзара көмек дағдыларын қалыптастыру 🤝💛 — дарынды және белсенді оқушыларды анықтау және қолдау 🌟🏆 🎈📚 Алда оқушыларды қызықты байқаулар, викториналар, ойындар, көрмелер және танымдық іс-шаралар күтіп тұр. Әрқайсысы өз қабілеті мен талантын көрсете алады 🎲🖼️📝 ✨🌟 Барлық қатысушыларға жарқын әсерлер, жаңа білім және лайықты жеңістер тілейміз! 🏆👏

    18.02.2026
    0
    Толығырақ

    13.02.26 күні мектебімізде Hampton School тіл мектебімен бірлескен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті 🌍 Оқушыларға халықаралық білім беру бағдарламалары мен жазғы тілдік демалыстар туралы презентация ұсынылды 🚀 Біздің оқушыларымыз үшін бұл шынымен де құнды мүмкіндік: шетелде білім алудың түрлі нұсқалары туралы білу халықаралық бағдарламалардың форматтарымен танысу шет тілдерін меңгеру арқылы ашылатын нақты мүмкіндіктерді көру Ерекше қызығушылық жазғы тілдік демалыстарға ауды — бұл болашақта шетелде білім алуға жасалатын алғашқы қадам ✈️ Мұндай формат: ✨ өзге мәдениетпен және білім беру жүйесімен танысуға ✨ халықаралық ортада өзін сынап көруге ✨ дүниетанымды кеңейтуге ✨ шет тілдерін үйренуге деген ынтаны арттыруға мүмкіндік береді Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздердің назарларыңызға толық ақпарат пен фотосуреттер қамтылған жадынамаларды ұсынамыз.

    18.02.2026
    0
    Толығырақ

    «№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» КММ-де «Эмпатия және диалог» тақырыбында тренингтік сабақ өткізілді 🤝💬💛 Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған және эмпатия, тиімді қарым-қатынас пен өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер ортасында жағымды қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды 🌿✨ Жұмыс барысында белсенді тыңдау мен өзара құрметті дамытуға ықпал ететін сенімді атмосфера құрылды 👂🤲 Негізгі назар эмпатия, белсенді тыңдау және сындарлы диалог дағдыларын қалыптастыруға аударылды. Диалог пен практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар түрлі жағдайларға әр қырынан қарауды, шешім табуды және тұлғааралық қарым-қатынасты жылы әрі қолдаушы сипатта құруды үйренді 🌈 Мұндай іс-шаралар мектепте сенім, қолдау және қабылдау атмосферасын қалыптастыруға көмектеседі 💙

    13.02.2026
    0
    Толығырақ

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер