Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Волейболдан "Адал спорт"турнирі.


    2020 жылдың 1 ақпанында "№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп - кешені" КММ-де волейболдан жыл сайынғы "Адал спорт"турнирі өтті.
    -----------------------
    2018 жылдың 1 ақпанынан бастап біздің мектепте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің және "Қызылжар-адалдық алаңы"жобалық кеңсесінің қолдауымен волейболдан турнир өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі турнирге дейін "Адал спорт" волейбол кубогының иегері №8 жалпы білім беретін мектеп - эстетикалық тәрбие кешенінің командасы болып табылады.
    -----------------------

    2020 жылдың 1 ақпанында аталған турнирге қатысатын командалар саны артып, командалардың бәсекелестігі артты. Турнирге келесі командалар қатысты:

    - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО Департаментінің командасы;

    - СҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментінің командасы;

    - "Қазақстан"қоғамдық бірлестігінің командасы;

    - Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы;

    - жалпы орта білім беретін мектеп командасы - №8 эстетикалық тәрбие кешені;

    - Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының командасы.

    ----------------------

    Оқушылардың патриоттық флешмобы волейболдан турнирді бастады. СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин турнир қатысушыларына волейбол-денсаулықты нығайтудың, дене дамуын жақсартудың тиімді құралы екенін атап өтті. "Қоғам өзінің үлгісімен спорттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға күш салуда. Жарысқа жастардың қатысуы өте маңызды, өйткені қазақстандық спорттың болашағы жас ұрпақтың тартылуына байланысты. Біз адал және әдемі спортты бірге қолдаймыз", - деді Нұрлан Жахин.

    Мектеп директоры Уәлиева Айгерім Файзуллақызы жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді құттықтады.

    ------------------------

    Турнир қорытындысы бойынша әділ күресте Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының командасы жеңіске жетті.





    01.02.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер