Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Заманауи технологияларды ендіру және жалпы білім беретін мектеп мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, замануи инновациялық ақпараттық ресурстарды қолдану туралы ақпарат.

     «ИНТЕГРО: Білім беру» ақпараттық жүйесі – бұл мектеп қауіпсіздік деңгейін артыруға, кітапхана қорындағы оқу және көркем әдебиет қоры бойынша электронды ақпарат жинауға,  сонымен бірге мына тұлғалар арасында өз ара байланыс жасау үшін ақпараттық кеңістік орнатуға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппаратты кешен:

    • оқушылар;
    • түлектер;
    • білім беру мекемелерінің қызметкерлері;
    • кәсіби -техникалық ұйымдар;
    • қалалық, облыстық және рсепубликалық деңгейде оқыту және білім беру саласында білім беруді басқару органдары.

    Портал қосымша білім беруге, біліктілікті арттыруға, өзін қызықтыратын сұрақ бойынша ақпаратты кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді.

     «ИНТЕГРО: Білім беру» ақпараттық жүйесі аясында барлық жалпы білім беретін мектептер бойынша ақпараттар, жаңалықтар мен пайдалы мәліметтер ұсынылған bilim-portal.kz білім беру порталы құрылды.

    Кіруге рұқсат беретін карталар мен білезіктердің иелеріне порталда жеке кабинет ашуға мүмкіндік берілген.  Жеке кабинетте карта немесе білезік иесі туралы ақпарат, есепшот, теңгерім, контактілер жайлы мәліметтер, сонымен бірге Мектепте тамақтану, Карта бойынша операциялар, Мектепке қатынау және Кітапхана жайлы ақпараттар жинақталған.  Портал баланың мектепке қатынауын, мектеп асханасында тамақтану рационын, оның сатып-алып жатқан заттарын мұқият қарап, белгілі азық-түлік түрлерін алуға тыйым салуға мүмкіндік береді.

    білім беру порталында карталар мен білезіктерді толтырудың бірнеше нұсқасы қарастырылған: кез келген банктік картадан ыңғайлы әдіспен аудару.

    Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте мектепке қатынауды электронды есепке алуға мүмкіндік беретін «ИНТЕГРО: Білім беру» ақпараттық жүйесімен біріккен турникеттер орнатылды. Ата-аналар балалалрының мектепке кірген және шыққан уақыттарын жеке кабинеттен көре алады, сонымен бірге мобильді қосымша орнатылған және сервистерге қосылған жағдайда   push-хабарландыру және sms-хабарландыру алады.

    Жалпы білім беретін мектептің барлық есіктеріне турникет жүйесін орнату қауіпсіз периметр жасауға мүмкіндік береді. Өту жеке карталар немесе білезіктер арқылы ғана жүзеге асырылады.

    Өту келесідей іске асады:

    БҚБ жүйесіне байланған рұқсат беретін карталар мен білезіктер оқушылар мен қызметкерлерді өткізу үшін қолданылады. Рұқсат берілгенін тексеріп болғанан кейін, турникет өтуге мүмкіндік береді. Күзетші мониторының басты экранында турникеттің сәйкс ұяшығында карта білезіктің иесі туралы ақпарат шығады (Тегі, Аты, Сыныбы, Суреті) және Қатынасу журналына тіркеледі. 

    Карта жүйеде тіркелмеген, уақыты өткен немесе осы карта бойынша белгілі бір кіру тобы арқылы өтуге  тыйым салынған жағдайда - турникет ашылмайды, ал күзетші мониторының басты экранында кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат шығады.

    Шешілетін міндеттер:

    • мектеп қауіпсіздік деңгейін арттыру;
    • берілген аймаққа қол жетімділікті шектеу;
    • берілген аймаққа кіре алатын тұлғаны сәйкестендіру;
    • берілген аймаққа қол жетімділікті басқау;
    • қатынауды есепке алу;

     «Мектепте тамақтану» модульі  мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлеуді қамтамасыз етеді. Бұл оқушыда ақша болуына жол бермейді. Одан басқа, жеке кабинетте ата-аналар тамақтану рационын бақылау алады (сатып алынған тамақты қарау, буфет өнімдері мен жекелеген тағамдарғы тыйым салу, тәуліктік лимит  орнату).

    Осы модульді ендіру «ИНТЕГРО: Білім беру» ақпараттық жүйесін орнатуды және оған қосылуды,  POS-терминалда  Mifare форматындағы карталарды оқуын қарастырады.

    Ақпараттық жүйеде ассортимент және мәзір бойынша барлық ақпарат салынады.

    POS-терминал асхана қызметкеріне қажетті өнімді тез таңдауға, қолма-қол ақшасыз есептесуге, есеп жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге терминалды көрінген ақпаратты және басқа да әрекеттердің барлығын   оқушы да көре алады.  POS-терминал «ИНТЕГРО: Білім беру» ақпараттық жүйесіне қосылғандықтан кіруге рұқсат беретін картадан немесе білезіктен ақпарат оқылған кезде - терминалда карта/білезік иесі туралы, теңгерімі, тәуліктік лимиті және белгілі өнімдерге тыйым салынғаны жайлы ақпараттың барлығы шығады.

    Шешілетін міндеттер:

    • асханада тамақтанғаны үшін қолма қол ақшасыз есептесу;
    • тамақтану рационын бақылау;
    • тамақтанушылардың санын есепке алу;
    • оқушыларға қызмет көрсету жылдамдығын арттыру;
    • қолданылатын өнім немес басқа параметрлер бойынша есеп жасау.

    Мектеп үшін күтілетін нәтиже:

    • мектеп аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • мектепке қатынау туралы объективті ақпарат алу;
    • тәртіп деңгейін арттыру;
    • кітапхана ресурстарының қолданылуын бақылау;
    • кітап қозғалысын бақылау;
    • кітапты алу/қайтару жылдамдығын арттыру;
    • оқушылардың тамақтануды  қолма қол ақшасыз автоматты түрде төлеуі;
    • тамақтанушылардың санын есепке алу;
    • мектеп асханасында қызмет көрсету жылдамдығын арттыру;
    • әр түрлі санаттағы тамақтанушылар үшін жеке ас мәзірін ұйымдастыру;
    • мектеп асханасында тамақтанудың барлық түрі үшін қолма қол ақшасыз есептесу.

    Ата-аналар үшін күтілетін нәтиже:

    • мектепке кіру және шығу туралы ақпарат алу;
    • тамақтануға бөлінген қаржының шығынын бақылау;
    • тамақтану рационын бақылау;
    • азық-түліктің белгілі бір түрлеріне тыйым салу мүмкіндігі;
    • тамақтануға ақшаның тәуліктік лимитін қою.

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер