Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Название страницы

    Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.

    Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

    ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.

    ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.

    4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:  

    Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;

    Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;

    Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.

    Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. 

    Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут). 

    Максималды балл – 30.

    ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.

    9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:  

    Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;

    Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;

    Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.

    Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. 

    Тестті орындау уақыты – 150 минут (2  сағат 30 минут).

    Максималды балл – 75.

    Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

     

    Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Жалпы білім білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу 4 және 9-сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, алған білімі мен дағдыларды өмірлік жағдайларда қолдануына бағытталатын болады. 4-сынып бойынша: − оқу сауаттылығы (бір дұрыс жауапты таңдаумен 10 тест тапсырмасы: бірінші мәтінге – 4 тапсырма, екінші мәтінге – 6 тапсырма), − математикалық сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 12 тест тапсырмасы), − жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 8 тест тапсырмасы) тексеріледі. 9-сыныпта: − оқу сауаттылығы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Тест тапсырмаларының саны – 30, оның ішінде әр пән бойынша -10 тест тапсырмасы (ең жоғары балл-30). − математикалық сауаттылық. Бір дұрыс жауапты таңдаумен 13 тест тапсырмасы (ең жоғары балл – 13). − жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география). 21 Тест тапсырмаларының жалпы саны – 32 (8 контекст, әр контекстке бір дұрыс жауапты таңдаумен 4 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасынан тұрады (ең жоғары балл -32).

     

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер